Тамара Дүйсенова қызметінен босатылды

0
703

Ол ​«Nur Otan» партиясының хатшысы қызметін 2018 жылдың ақпан айынан бері атқарып келген.​


Тамара Дүйсенова қызметінен босатылды

«Nur Otan» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Ол бір жарым жылдың ішінде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосты», - деп жазды Бауыржан Байбек өзінің әлеуметтік парақшасында.

Сонымен қатар ол нәтижелі еңбегі үшін Тамара Қасымқызына партия басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тіледі.