"Таңдауыма өкінбеймін!": Қуыршаққа үйленген қазақстандық дүркіретіп той өткізді (видео)

0
1 020

Күйеу жігіт тойына тек жақын достарын шақырыпты.


Фото: lenta.ru

ERNUR.KZ. Қуыршаққа үйленген қазақстандық қуанышын дүрілдетіп атап өтті. Тойына жиналған жақын-жуығының алдында жансыз затпен би билеп, бетінен өпкен отандасымыз оған өлердей ғашық екенін айтты. Әлемде ит, кілем, тіпті ағашпен неке қиған жандар бар екен. Бұл дерт пе, әлде атақ шығарудың жаңа амалы ма? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл жігітті әлеуметтік желілерден шықпайтын жұрттың көбі біледі. Юрий Толочко осыдан бір жыл бұрын интернетте аса қатты танылды. Ол кезде көпшілікке маникенді, жалпақ тілмен айтқанда қуыршақ әйелді өмірлік махаббатым деп таныстырған еді. Әрине, бұл жұрттың езуіне күлкі үйірді. Көбі "атың шықпаса жер өртенің" кері деп білді. Бірақ, сол қуыршаққа есі кеткен ол, ақыры оған үйленіп тынды. Тіпті, карантинге қарамастан шағын той да жасады.

Юрий тойына тек жақын достарын шақырыпты. Қуыршақ келіншегінің қолына неке жүзігін тағып, жүзі бал-бұл жанып, бақыттан басы айналды. Ал күйеуінің кім және қандай адам екенінен мүлдем бейхабар қуыршақ келіншектің аты - Марго екен. Ал оған үйленерден бұрын Юрий біздің арнаға сұхбат берген еді. "Бұл әрекетім көпті таңқалдырғанын білем" деген ол, таңдауына еш өкінбейтінін айтқан болатын.


"Бұл оқиға көпшіліктің қызығушылығын оятты. Сөге жамандап, хайп қуған дегендер де болды. Тіпті, таңдауыма құрметпен қарағандар да табылды. Мен жайлы Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де талқылаулар болды", - дейді қуыршаққа үйленген Юрий Толочко.


Қуыршақты өмірлі жары еткен жігіттің мұнысын қазақстандықтардың көбі хайп деп санайды. Алайда психолог Балабек Сақтағанов мұның түп-төркінінде мынадай мәселе жатыр дейді.


"Объектілерге үйленіп жатқанын осы сәтпен қарастырмауымыз керек. Ол қазіргі тұлғаның бала кездегі өскен ортасы, отбасынан алған тәрбиесі. Мысал үшін айтайық, бала кезінде кукланы көріп, ойнағанда бір жағымды жаңалық естісе, сол жаңалық кукламен бірге психикасына әсер етіп, бейсанасын жағымды әсер қалдырады", - деді психолог Балабек Сақтағанов.


Бүгінде адам түсініп болмайтын мұндай "тосын тойлар" әлемнің әр елінде қарқын алып барады. Мәселен, Үндістанда да ерекше той өтті. Онда 9 жастағы қызға ұры тіс шыққан. Ал, бұл олардың наным-сенімінше жамандықтың нышаны екен. Бала қиындыққа тап болып, өмірі қорлықпен өтеді деп топшылайтын көрінеді. Ондай болмас үшін туыстары қызды қаңғыбас итке тұрмысқа берген. Дегенмен, көңілге медеу болар бір тұсы, бұл қыз болашақта өз теңін тауып, оның жан жары бола алады. Бірақ, "күйеу-итіне" өмірінің соңына дейін дұрыстап бас-көз болуға міндетті. Ал, Ұлыбританиянвң Стокпорт қаласында жалғызбасты ана кілемге тұрмысқа шығып, дүркіретіп той жасаған. 26 жастағы Бекки деген келіншек сүйікті кілемін күніне бірнеше рет шаңсорғышпен тазартып, тазалап, жуады екен. Тіпті оған Мэт деген есім берген.


"Бұны жаңа тренд деп айта алмаймыз. Бұл бұрыннан бар. Өзінің ғылыми атауы да бар. Бір объектілерге ұмтылыс, қызығушылық, жыныстық қарым-қатынас фетишизм деп аталады. Бұл ауру деп айта алмаймыз, бұл психологиялық ауытқушылық", - деді психолог Балабек Сақтағанов.


Шетелде мұндай жайттар жиі кездеседі, кей жерлерде, тіпті заңдастырылған. Ал біздің қоғам ақылға қонымсыз мұндай тенденцияны қабылдай алмайды. Тіпті, айтарға сөздері де жоқ.


"Көзқарасым конечно қарсы. Ондай болмайды ғой".

"Құдай сақтасын, ол деген адамға жат қасиет қой. Мен оған өте қарсымын. Демек, адамның өзі жануар болып кеткен деген сөз".


Ал, психолог Жаңагүл Тұрманова бұл тенденцияны ауруға балап отыр. Яғни, дені сау адам мұндай тірлікке бармайды, дейді. Біздің жастар оны атын шығару, танымал болу үшін жасаса, ал шетелде өмірдің өзі сондайға итермейлітін көрінеді.


"Кейбір мемлекеттерде жыныстық ерекшелігі көрінетіндей әдемі куклаларды шығарып, арнайы неке көйлегін киген, қуыршақтарды шығаратын себебі сол. Күнде таңертең ол сөйлеп оянады, қайырлы таң жаным, таңғы асты ішеміз, яғни компьютерлік бағдарламамен жасап қойған, арнайы. Дамыған елдерде ол сатылады", - дейі психолог жаңагүл Тұрманова.


Бір қуаныштысы, біздің елде мұндай некелер санаулы ғана. Десе де, мамандар мұндай үрдіске бей-жай қарауға болмайды дейді. Шетелдің қаңғысын таңсық көретін жастарымыз еліктеп кетпесе деп алаңдайды.