​Таңғы сессия: Теңге бағамы нығая бастады

0
1 043


​Таңғы сессия: Теңге бағамы нығая бастады

KASE хабарлағандай, доллардың орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 333,68 теңгені құрады. Осылайша доллар 0,34 теңгеге арзандады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы, сауда-саттық көлемі – 19 850 мың долларды көрсетті.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан қор биржасында 11 және 12 маусымда Ресей Федерациясында (Ресей күні) мереке күні болғандықтан, RUBKZT_TOD құралдарымен сауда-саттық жүргізілген жоқ.

Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 18 мүшесі қатысты.