Танымайтын қызға бір бүйрегін берген оралдық жігіт әке атанды

0
1 822

Қарапайым отбасыдан шыққан оралдық жігіт Түркістан облысының тұрғыны Жәмила Байсерікованың басындағы қиын жағдайды естіп, көмек қолын созуға бел буады. Жігіт науқастан ақша сұрамай, бір бүйрегін беруге келіседі.


Танымайтын қызға бір бүйрегін берген оралдық жігіт әке атанды

ERNUR.KZ. Қазақстанды жомарттығымен таң қалдырған оралдық жігіт Абзал Әділовтың отбасында атұстар дүниеге келді, деп жазады ҚазАқпарат.

Абзал мен Әйгерім 2017 жылы күзде танысып шаңырақ көтерген болатын. Былтыр олардың үйлену тойы туралы ақпарат жазған болатынбыз. Қайырымды жігіттің шаңырақ көтеруіне қатысқан асаба, фотограф, видеоинженер, фотограф, той кортежін ұйымдастырушылар ақы алудан бас тартқан еді.

24 желтоқсанда отбасында тұңғыш атұстар дүниеге келді. Абзалұлы Алпамыс жақында қырқынан шығады. Бір бүйрегін танымайтын қызға тегін берген Абзал Әділовтің шешімі бүкіл Қазақстанды таң қалдырған болатын. Жас жігіт 2017 жылдан бері әлеуметтік желіде танымал болып кетті.

Қарапайым отбасыдан шыққан оралдық жігіт Түркістан облысының тұрғыны Жәмила Байсерікованың басындағы қиын жағдайды естіп, көмек қолын созуға бел буады. Жігіт науқастан ақша сұрамай, бір бүйрегін беруге келіседі. Жәмила мен Абзал 2017 жылдың қарашасында бүйрек ауыстыру үшін отаға түскен еді. Бірнеше сағатқа созылған операция сәтті өткен. 5 күннен соң Абзал мен Жәмила және Жәмиланың анасы Құрмангүл Шымкентке кеткен болатын. Жас жігіт өзінің махаббатын Шымкентте жүріп жолықтырған.

Қазір Жәмиләның жағдайы бірқалыпты, гемодиализ аппаратына таңулы емес.