Танымал актриса мен тағы екі адамның өмірін жалмаған жол апатының себепкері 5жылға сотталуы мүмкін

0
2 263

33 жастағы ер адам көлікті мас күйінде жүргізген


Танымал актриса мен тағы екі адамның өмірін жалмаған жол апатының себепкері 5жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Танымал актриса Шолпан Елгезекова қайтыс болған ЖКО оқиғасы жайлы жаңа мәліметтер пайда болды. Тергеу жұмыстарының барысында жүргізушінің мас болғаны анықталды, деп жазады Stan.kz.

33 жастағы ер адам көлікті мас күйінде жүргізген. Қазір ол уақытша изоляторда ұсталып отыр.

ҚР ҚК 345 (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-баптарына (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 29 желтоқсанда Абай және Сейфуллин даңғылдарының қиылысында орын алған. Салдарынан Mitsubishi Galant көлігінде отырған екі жолаушы мен жүргізуші көз жұмды. Олардың ішінде танымал актриса Шолпан Елгезекова да бар. Тағы бір актриса аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.