Танымал халықаралық музыкалық фестиваль алғаш рет Қазақстанда өтеді

0
916

Оған 200-ден астам әнші қатысады.


Танымал халықаралық музыкалық фестиваль алғаш рет Қазақстанда өтеді

ERNUR.KZ. 25-28 шілде күндері VI халықаралық музыкалық "Жара" фестивалі алғаш рет Қазақстанда өтеді, деп жазады sputnik.kz.

Оған 200-ден астам әнші қатысады. Фестивальге танымал әртістер келеді. Олардың ішінде Луина, Айқын, "Ринго" тобы, Айри, "Орда"тобы, Баста, Zivert, Дима Билан, Artik & Asti, Сергей Лазарев, Григорий Лепс, A"Studio, Emin, Ваня Дмитриенко, HammAli & Navai, Jony, ANNA ASTI, Ольга Бузова, Клава Кока, Лолита, Мари Краймбрери, Galibri & Mavik, MOT, Люся Чеботина, Ольга Серябкина, Хабиб, Пицца, Натан, RASA, Звонкий, Анита Цой, Лариса Долина және тағы басқа әншілер бар.

Төрт күнге созылатын музыкалық шара Алматы қаласында өтеді. Фестиваль ұйымдастырушысы Эмин Агаларовтың айтуынша, бес жылдың ішінде "ЖАРА" үлкен брендке айналды.
"Биыл біз осы фестивальді алғаш рет Қазақстанда өткізуді ұйғардық. Осылайша, халықаралық музыкалық шараның ауқымы кеңейе түседі", - дейді Агаларов.
Халықаралық музыкалық "Жара" фестивалі 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
"Пандемияға дейін фестивальдің екі жылдық жоспары әзірленген болатын. Дюссельдорф, Монако, Дубай, Израиль, сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан болған. ЖАРА бұл музыка мерекесі ғана емес, үлкен шоу, танымал хиттер мен әртістер, ұлттық музыка мәдениетінің алмасуы, жаңа коллаборациялар. Биыл фестиваль Қазақстанда Almaty Arena стадионында өтеді", - деп атап өтті бас продюсер Лена Боска.
Фестиваль бағдарламасы
25 шілде – ашылуы
Салтанатты ашылу рәсімі кезінде гала-концерт болады. Сахнада танымал әртістер өнер көрсетеді, үздік хиттер орындалады.
26 шілде
Ол күні Дима Биланның шығармашылық кеші ұйымдастырылады. Сондай-ақ, танымал әртістер 2000-жылдардың хиттерін орындайды.
27 шілде
Танымал стримингтік алаңдар мен хит-парадтардың жұлдыздары өз өнерін паш етеді.
28 шілде – фестивальдің жабылуы
Жабылу салтанаты да аншлагпен өтеді деген жоспар бар. Себебі Бастаның жеке концерті де ұйымдастырылады.
Фестивальдің трансляциясын ЖАРА TV арнасынан көруге болады.
Халықаралық музыкалық "Жара" фестивалі жыл сайын жазда ұйымдастырылады. Әрбір концертке 10 мыңнан астам адам жиналады. Ал телеарна арқылы Ресей мен ТМД елдерінен 150 000 000 көрермен қосылады.