Танымал КВН ойыншысы басшылық қызметке тағайындалды

0
1 248

Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтанның панкратион федерациясында қызметке орналасты.


Танымал КВН ойыншысы басшылық қызметке тағайындалды

ERNUR.KZ.Танымал әзілкеш, "Казахи" КВН командасының ойыншысы Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры қызметіне тағайындалды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ол жаңа қызметте немен айналысатынын айтып берді.

"Панкратион өте дамыған спорт түрі. Менің жұмысым - қазіргі жастарды осы спортпен таныстыру, олардың панкратионға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Кеше кешке ғана бұйрық шықты. Құдай қаласа, осы аптада іске кірісемін", - деді жаңа қызметке тайындалған Нұрдәулет Шертім.

Сондай-ақ, ол федерацияның алдағы жоспарына да тоқталды.

"Қарашаның 1 мен 5 аралығында панкратионнан Италияда әлем чемпионаты болады. Соған спортшыларды дайындаймыз", - деді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық спорты дамыту және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры.

Айта кетсек, Нұрдәулет Шертім "Казахи" КВН командасы құрамында Жоғары лиганы вице-чемпионы (2010), Прага кубогының жеңімпазы (2010) атанған. Сондай-ақ белгілі әзілкеш "Базарбаевтар" сериалына, "Гуд бай, мой бай!" және "Женатики" фильмдеріне түсті.