Тапқан табысынан салық төлемеген таксистерге 46 мың теңге айыппұл салынады

0
367

Ең алдымен, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет.


Тапқан табысынан салық төлемеген таксистерге 46 мың теңге айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті жеке тасымалмен айналысатын азаматтарға мемлекеттік бюджет алдындағы салық міндеттемесін орындау керектігін еске салады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ең алдымен, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет.

Ол үшін кәсіпкерлік қызметті жүргізетін мекенжайы бойынша салық органына ЖК ретінде қызметінің басталғанын хабарлайды.

Белгіленген нысан бойынша хабарламаны ол электронды үкімет порталы арқылы немесе мекемеге барып өткізеді.

Жеке тасымалмен айналысатын жеке тұлғалар режимнің мынадай түрлері бойынша тіркеле алады:

- патент негізінде арнайы салық режимін (АСР) қолданатын ЖК;

- e-Salyq Business арнайы мобильді қосымшасын пайдалана отырып АСР қолданатын ЖК;

- оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын ЖК;

- ЖК жалпы белгіленген режимде.

Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 463-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен тиісті тіркеусіз айналысу жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде, қайталап бұзған кезде – 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзу жасаған заттары мен құралдары тәркіленеді.