Тар көшеде көкпар тартқан жігіттер ондаған баланы таптап кете жаздады (видео)

0
1 817

Тұрғындар ауыл ішінде көкпар тартуды әдетке айналдырған адамдардан әбден зәрезеп болғанын айтады.


Тар көшеде көкпар тартқан жігіттер ондаған баланы таптап кете жаздады (видео)

ERNUR.KZ. Видеодағы кадрлар жаз айының соңғы күндерінде түсірілген. Белгісіз біреулер тар көшеде көкпар ұйымдастырып, жергілікті тұрғындарды таптап кете жаздаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тек аулада ойнап жүрген жас балаларды үйге асыға кіргізіп үлгерді дейді жазықта емес, ауыл ішінде көкпар тартуды әдетке айналдырған адамдардан әбден зәрезеп болған тұрғындар.

Ал, ересек балалар болса, қоршауларға шығып жандары қалған. Нөпір болып көшеде еліре шапқан ересектердің әрекетінен ауыл тұрғыны ауыр жарақатта алған.

«Береке ауылымызда көкпар тарту осымен өтірік айтпасам, үшінші рет қайталанып тұр. Көкпар тартылатын, бірақ ауылдың маңында - алыста, поляда, егістік жақта тартылатын. Көшеде кешкі сағат 6-7-де балалар көшеге емін-еркін ойнап шығатын кезде шассейный трассамен толы көше көп аттар келді де, тартқан қолындағы толақтары жерге түсіп қалып, дүкеннің алдында таласа бастады»,- дейді Алматы облысының тұрғыны, Әсел Жанұзақова.

Ауыл тұрғындарының айтуынша шабандоздар елдің мазасын бірінші рет алып отырған жоқ. Өткен жылы ат жарысының әуесқойлары жол жиегінде тұрған бірнеше көлікке зақым келтірген. Қауіпсіз алаңда емес, ауыл ішіне атой салған адамдардың әрекетін тоқтату туруалы арызда жазылған. Бірақ Қарасай ауданының тәртіп сақшылары сол селсоқ күйінде, істі жауапсыз қалдырған, тиымда салмаған.