"Тараз-Аренаға" Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды

0
794

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Қазақ КСР Жамбыл облысы Свердлов ауданы (Байзақ ауданы) "Чапаев" кеңшарында (Қазіргі Тегістік ауылы) дүниеге келген.


ERNUR.KZ. "Тараз-Арена" спорт кешеніне белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Жамбыл облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің отандық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спорттың жоғары деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін атап өтіп, халық қалаулыларына бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтты.

Қайта атау жөніндегі ұсыныс Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі", - делінген хабарламада.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Қазақ КСР Жамбыл облысы Свердлов ауданы (Байзақ ауданы) "Чапаев" кеңшарында (Қазіргі Тегістік ауылы) дүниеге келген.