Тараз маңында жарылған қоймаларға оқ-дәрі Арыстан жеткізілгені мәлім болды

0
718

Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін бұл қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі жеткізілген.


Тараз маңында жарылған қоймаларға оқ-дәрі Арыстан жеткізілгені мәлім болды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында шыққан өрт сол жерде сақталған тротил жануынан туындауы мүмкін, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, өрт динамикасы инженерлік оқ-дәрілердің жануына тән. Аспандағы іздерге келетін болсақ, олар қоймада сақталған сигналдық картридждердің өртенуіне байланысты болуы мүмкін.

"Айта кетейік, Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін бұл қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі жеткізілген. Бұл оқ-дәрілер жергілікті жарылыстарға арналған және алыс қашықтықтағы снарядтармен жабдықталмаған", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, Жамбыл облысына оқиға орнына бір ұшақпен қорғаныс министрі, төтенше жағдайлар министрі және қорғаныс ведомствосының комиссиясы келді.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Еске салайық, 2019 жылдың наурыз айында Арыс қаласындағы қоймада жарылғыш заттар жанып, утилизацияланған оқ-дәрілер жарылған еді. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алды. Қоймадағы жарылыстың себебі - дұрыс сақтамау және жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеу.