Тараз маңындағы жарылыс: туыстары іс-түссіз кеткен өрт сөндірушіні іздеп жатыр

0
1 063

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстан 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Тағы бірнеше адам іс-түссіз жоғалып кеткен.


Тараз маңындағы жарылыс: туыстары іс-түссіз кеткен өрт сөндірушіні іздеп жатыр

ERNUR.KZ. Қарағанды мен Теміртауда Тараз маңындағы жарылыстар кезінде оқиға орнына өрт сөндіруші ретінде барып, жоғалып кеткен өрт сөндірушіні туыстары іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жоғалып кеткен қызметкердің есімі - Әділбеков Әділет, 1995 жылы туған. Мәліметі барлар 8 747 866 68 18 нөміріне хабарлассын.

AIBAT жаңалықтар қызметінің хабарына қарағанда, Әділет кезекшілікке шығып, сол жерден бірден Жамбыл облысында әскери бөлімдегі өртті сөндіруге барған. Құтқарушы ұялы телефонын жұмыс орнында қалдырып кеткен. Кейінгі рет туыстары онымен 26 тамызда түсте, яғни төтенше жағдайға дейін сөйлескен. Ол отбасында жалғыз ұл, үш әпкесі бар.

Кейінгі мәліметтер бойынша, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстан 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Тағы бірнеше адам іс-түссіз жоғалып кеткен. Оларды іздестіру жалғасып жатыр.

26 тамызда кешке Қазақстан Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында әскери бөлімнің инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймасында өрт шыққанын хабарлаған. Кем дегенде он жарылыс болған.