Таразда 24 жастағы еркек кішкентай қызға азғындық жасады

0
1 327

Айыпталушы үйленген, екі баласы бар.


Таразда 24 жастағы еркек кішкентай қызға азғындық жасады

Тараздағы көпқабатты үйлердің бірінің подъезінде 9 жасар қызға мас күйінде азғындық әрекет жасаған 24 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"24 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында Тараз қаласының мөлтек аудандарының біріндегі көпқабатты үйдің подъезінде белгісіз ер адам мас күйінде 9 жасар қызға күш қолданбай азғындық әрекеттер жасап, қылмыс орнынан бой тасалаған. Бұл дерек бойынша Тараз қаласының полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі (жас балаға азғындық әрекет жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады", - деді Оразалиев.

Департамен басшысының айтуынша қылмысты ашуға полицияның барлық күші жұмылдырылып, тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Кешенді іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтап, 24 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін толығымен мойындап отыр.

Айыпталушы үйленген, екі баласы бар. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде, сондай-ақ "педофил" санаты бойынша есепте тұрмайды. Аталған баптың санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Полиция департаменті ата-аналарды мұқият болуға және осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін жас балаларды қараусыз қалдырмауға ескертеді", - деп жазды полиция департаментінің басшысы.