​Таразда 5 күнде 83 келіге жуық есірткі тәркіленді

0
893

Заңсыз айналымнан 82,8 кг есірткі заты, соның ішінде, 79,4 кг кептірілген марихуана және 3,4 кг гашиш тәркіленді.


​Таразда 5 күнде 83 келіге жуық есірткі тәркіленді

ERNUR.KZ. 2019 жылғы 13-18 ақпан аралығында Жамбыл облысы Полиция департаменті басшысының тапсырмасы бойынша өңірде "Есірткі" жедел-профилактикалық шарасы өткізілді, деп жазады BAQ.KZ департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Шара өткізілген мерзім ішінде түрлі құқық бұзушылықтың 27 фактісі анықталды. Оның ішінде 7 қылмыс: бес факті аса ірі көлемде есірткі затын сақтау болса, бір факті - есірткі сатумен айналысу және бір факті - есірткі тұтыну орнын ұстау", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, ҚР ҚК 296-бабы 1, 2, 3-бөлімі бойынша 18 қылмыстық әрекет және ҚР ӘҚК 246-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтың 2 фактісі тіркелген.

"Заңсыз айналымнан 82,8 кг есірткі заты, соның ішінде, 79,4 кг кептірілген марихуана және 3,4 кг гашиш тәркіленді. 10 дәріханаға тексеру жүргізіліп, "Амир фарм" ЖШС мен "Эшентаева" ЖК екі нысанында фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласының ережелерін бұзу фактісі анықталды", - деді департаментте.