Таразда әскерден қашып кеткен сарбаз бірнеше күннен бері табылмай жатыр

0
2 061

Ол түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен.


Таразда әскерден қашып кеткен сарбаз бірнеше күннен бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен 19 жастағы жігітті 4 күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат үш шамасында әскери бөлімнен ешкімге ескертпестен өз еркімен кетіп қалған. Жанындағы серігі де байқамаған. Сарбаз әлі 6 ай әскери борышын өтеуі керек. Нұрасылдың кетіп қалғанына әскерилер таңғалып отыр. Себебі, басқалармен қарым-қатынасы жақсы, сабырлы жігіт - дейді. Жауаптылар оның қолында қару жоқ екенін мәлімдеді. Ал, сарбаздың туыстары оның қашып кеткеніне сенбейді.


- Соңғы мәрте 20-сында звондады маған, «бәрі жақсы мама, уайымдамаңыз» деп. «Ешкім ренжітіп жатқан жоқ па», деп сұрадым. «Жоқ, бәрі жақсы, уайымдамаңыз, балалар да жақсы, командирлер де жақсы», деді, - дейді сарбаздың анасы Гүлжан Арысбаева.


- Не себептен қашып кеткенін, не себептен әскери бөлімді тастап кеткені бізге беймәлім. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша және Тараз қаласыгда осы әскери бөлімнің қызметкерлерімен және құқық қорғау органдарымен Тараз қаласы полиция басқармасының қызметкерлерімен іздестіру шаралары жүруде. Нәтиже әлі болған жоқ, - дейді 8595 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Бауыржан Дүйсенбаев.