Таразда бас шырша өртеніп кетті

0
663

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады.


Таразда бас шырша өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Таразда алаңға орнатылған қаланың бас шыршасы өртеніп кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға Жаңа жылды тойлау кезінде болған. Кадрлардан шырша маңында демалушылар жүргені көрінеді. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады.


"2022 жылдың 1 қаңтарында сағат 00.06-да Тараз қаласындағы Арбат алаңында 15 шаршы метр аумақта жасанды жаңа жылдық шырша өртенді. Өрт сағат 00.15-те оқшауланып, сағат 00.20-ға сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт шыққан жерге ТЖД-ның 14 қызметкері мен төрт техникасы барды", - деді Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.