Таразда індет жұқтыруға жол берген әскери бөлімнің лауазым иелері қызметінен босатылды

0
799

​10-нан астам сарбаздың індет жұқтыруына жол берген жауапты қызметкерлерге қатысты қатаң шаралар қолданылды.


Таразда індет жұқтыруға жол берген әскери бөлімнің лауазым иелері қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің бірінде орын алған әскерилердің індет жұқтыруына қатысты тергеу аяқталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Тергеу барысында Тараз гарнизонының 10-нан астам әскери қызметшілерінің жаппай ауруға шалдығуына әкеп соқтырған заң бұзушылықтар анықталған.

"Атап айтқанда, әскери бөлім басшылығы мен медициналық қызмет тарапынан алдын-алу шаралары толыққанды ұйымдастырылмаған және тиісті деңгейде бақылау болмаған", – делінген қорғаныс министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Осы мәселеге байланысты бірқатар жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылданды.

Әскери бөлім мен медициналық қызмет қолбасшылығы, сондай-ақ "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерін тылдық қамтамасыз етумен айналысатын бірқатар офицерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметінен босатылды.

Әскери ведомство басшылығы қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде алдағы уақытта коронавирустың таралуына жол бермеу жөнінде қосымша шаралар қабылдап, қауіпсіздіктің сақталуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Айта кетейік, бұған дейін "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Тараз қаласында орналасқан 01731 әскери бөлімі қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты карантинге жабылған болатын.

Сол кезде әлеуметтік желілерде әскери бөлімнің 20 қызметкері індет жұқтырғаны жайлы ақпарат тараған.

Бүгінге дейін Жымбыл облысында 201 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны анықталса, оның 123-і сауығып шықты.