Таразда мылтық ұстаған ер адам тұрғындардың үрейін қашырды

0
1 251

Тараз қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.


Таразда мылтық ұстаған ер адам тұрғындардың үрейін қашырды

ERNUR.KZ. Тараз тұрғындары көшеде мылтық ұстап жүрген ветеринария қызметкерлерін видеоға түсірген, - деп жазады tengrinews.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланған. Видео авторы көшеде ұйымның арнайы киімін киген ер адамның артынан түсірген. Қолында мылтығы бар. Оқиғаның Тараз қаласында шамамен таңғы 8:45-те болғаны айтылады. Видеода ер адамның жанына тұрғындар өтіп жатқаны байқалады.


"Бұл қаланың орталығы. Мен таңертең жұмысқа кетіп бара жаттым, адам көп еді: ересектер мен балалар. Олар төртеу болды, оның екеуі фуфайка киген және мыотық ұстаған, қалған екеуі жай жандарында жүрді. Олар елдің көзінше мысықтарға оқ атты. Олардың біреуі кіреберіске қарай қашты, ер адамдар көздей бастады. Осы кезде сыртқа кез келген адам шығып қалуы мүмкін еді. Мен олардан осылай істеуге кім рұқсат бергенін сұрадым. Маған дөрекі жауап берді: "Әкімдік берді. Бұл сенің жұмысың емес", - дейді видео авторы Алена.

Тараз қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Аулаларда мысық ату шарасы 23 қазанда болған екен. Оған негіз ретінде - Қойгелді көшесінде тұратын тұрғынның арызы екен.

"Арыз бойынша, сол аумаққа ит аулағыш Қойбағаров пневматикалық қарумен және формакологиялық препаратпен қаңғыбас мысықтарды аулауға барған. Жамбыл облысының 2016 жылы 7 қазанда № 5-10 иттер мен мысықтарды ұстау ережесіне сәйкес мәслихат депутаттары өқаңғыбас иттер мен мысықтарды жеке адамның не заңды тұлғаның арызы бойынша ветеринария қызметкерлерінің аулауына келісім берілген. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау шарасы күндіз жүргізіледі", - дедің әкімдік өкілдері.

Осыған дейін, Тараз тұрғындары жануарларды аулау қызметі мамандарының жұмысына наразылық ілдірген еді. Олардың бірі кішкентай қыздың көзінше спаниель тұқымды төбетті атып өлтірген еді. Қыздың ата-анасы төбеттің күн сайын қызды мектеке шығарып салатынын айтады. Оқушы қыз бірнеше күн бойы төбетсіз мектепке барудан бас тартқан.