Таразда оқушысы зорланған мектептің директоры мен мұғалімі жұмыстан қуылды

0
1 363

Бала сабақ үстінде дәретханаға сұранып шыққан.


Таразда оқушысы зорланған мектептің директоры мен мұғалімі жұмыстан қуылды

ERNUR.KZ. Таразда оқушы зорланғаннан кейін мектептің директоры, оның орынбасары, физика пәні мұғалімі және вахтер жұмыстан босатылды, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан жазды. Ол ҚР "Білім туралы" Заңының 45-ші бабына сәйкес, білім беру ұйымының басшысы оқу процесі кезінде студенттердің, оқушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына жауап береді деп жазды.

"Осыған байланысты мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика мұғалімі және вахтер жергілікті білім саласындағы уәкілетті органның шешімімен қызметінен босатылды", - деді Мұхамеджан.

Жамбыл облысының білім басқармасына жәбірленушіге психологиялық көмек көрсету үшін шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды. Ол енді сабақты үйінен оқитын болды.

Жаға ұстатарлық бұл оқиға туралы күні кеше белгілі болды – жетінші сынып оқушысы сабақ кезінде, мектептің дәретханасында зорланған. Күдікті бақылау камераларына түсіп қалған.

Ол ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.