​Таразда полицейлерге қызметтік көлік берілді

0
1 182

Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 400 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.


​Таразда полицейлерге қызметтік көлік берілді

ERNUR.KZ. Таразда полицейлерге 68 жаңа қызметтік көлік берілді, деп жазады 24.kz.

Кілттерді облыс әкімі салтанатты түрде табыс етті. Су жаңа темір тұлпарлар бірінші кезекте аймақ орталығының учаскелік инспекторларына үлестірілді. Өңірдегі заңбұзушылықтың 70 пайызы қалада болғандықтан, осындай шешім қабылданған. Жедел басқару орталығына тәулігіне шамамен 300-ден астам қоңырау шалынып, полицейлер 150 рет түрлі шақыртуларға шығады.

Мамандар «Бұл азаматтарға көмекке дер кезінде жетіп, тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуіне мүмкіндік туғызады», – дейді.

Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 400 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.

Арман Оразалиев, облыстық ІІД бастығы:

– Жалпы біздің облысымыз бойынша қылмыстың деңгейі 29 пайызға азайып отыр. Тараз қаласы қазір көліктермен толық қамтылған. Енді аудандар осындай көлікпен қамтылатын болады.