Таразда екі бала тірідей жанып кетті

0
1 127

Балалардың екеуі де бір үйдің адамы болуы мүмкін. От шыққанда олардың сыртқа шығуға еш мүмкіндігі болмаған. Себебі екеуін үйдің сыртынан құлыптап кеткен екен.


Таразда екі бала тірідей жанып кетті

Тараз қаласында екі оқушы бала өрт салдарынан көз жұмған, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі.

Балалардың екеуі де бір үйдің адамы болуы мүмкін. От шыққанда олардың сыртқа шығуға еш мүмкіндігі болмаған. Себебі екеуін үйдің сыртынан құлыптап кеткен екен.

Отпен ойнаған балғындар ойын соңы қасіретпен аяқталарын аңғармаған болар. Қызыл жалын құрсауында қалған балалар аман қалмаған.

Бізге мәлім болғаны олардың екеуі де қалалық 17 мектептің оқушылар екен. Басқа мәліметтерді тергеп-тексергеннен кейін жазатын боламыз.