Таразда зейнеткерлерге арналған ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

0
1 027

Жамбыл облысында жыл басынан бері «Белсенді ұзақ өмір» жол картасы іске қосылған.


Таразда зейнеткерлерге арналған ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

ERNUR.KZ. Таразда Наурыз мерекесіне орай ерекше орталықтың тұсауы кесілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында қарттар мен зейнеткерлерді қолдау, оларға рухани-әлеуметтік көмек көрсету ісіне зор мән беріп келеді. Осы мақсатта, Жамбыл облысында жыл басынан бері «Белсенді ұзақ өмір» жол картасы іске қосылған. Бағдарлама аясында ашылған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» бұл бағыттағы жоспарлы жұмыстардың бір парасы ғана.

«Қазіргі таңда облыстың барлық аудандарында қариялар бас қосатын «Ардагерлер ұйымы» бар. Сондай-ақ, облыс орталығындағы спорт кешендерінен ардагерлерге арнайы бөлмелер де берілген. Бүгін олардың қатары тағы бір нысанмен толықты. Жаңа мекемеде шахмат, тоғызқұмалақ үстелдері, шағын кітапхана орналастырылған. Орталық арқылы зейнеткерлердің өмір сүру сапасын, компьютерлік білімдерін арттыруға, психологиялық, заңгерлік көмек алуға мүмкіндік жасалатын арнайы клубтар ашылатын болады»,- дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев.

Айта кетейік, бүгінгі таңда өңірде 123 мыңнан астам зейнеткер бар. Олардың бос уақыттарын тиімді өткізу мен салауатты өмір салтын ұстануларына барлық жағдай жасалу керек десек, аталған орталық осы бағытта жұмыс жасамақ.