Тараздық дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды

0
780

Бала бірнеше ине жұтып қойған.


Тараздық дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды

ERNUR.KZ. Тараздық дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Балалар ауруханасының қабылдау бөліміне баласының ине жұтып қойғанын айтып анасы келген.

"Қарапайым рентгенография асқазан-ішек жолдарында бөгде зат бар екенін көрсетіп, кейін екі ине табылған. Эзофагофиброгастродуоденоскопиямен (ЭФГДС) тексеру кезінде бөтен зат асқазанның антральді бөлігінде екені анықталып, бір ине алынған. Науқас Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургия бөлімінде мамандардың бақылауында", - дейді балалар ауруханасының дәрігерлері.

Нәтижесінде бір ине өз бетімен шыққан. Бірақ іштегі басқа ине шықпаған.

"Кейінірек құрсақ қуысының бақылау R-граммасында құрсақ қуысының жоғарғы сатысында тағы екі ине және жамбас проекциясында бір ине табылды. Қайталап ЭФГДС жасалып, ине алынды", - дейді жоғары санатты хирург Сейдахмет Чинибеков.

Алайда баланы қайта қарау кезінде құрсақ қуысының R-граммасында жамбас проекциясында төртінші ине табылған.

"Колоноскопия жасалып, соңғы инені сигма тәрізді ішектен алып, ұшымен ішектің шырышты қабығына бекітті. Қазіргі уақытта бала қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды", - дейді дәрігерлер.