Тараздық келіншек өзінің әйел екенін дәлелдей алмай жүр

0
530

Келіншекті АХАЖ бөлімі заңды некеге де тіркемей кері қайтарған.


Тараздық келіншек өзінің әйел екенін дәлелдей алмай жүр

Тараздық келіншек өзінің заты әйел екенін дәлелдей алмай жүр. Оның туу туралы куәлігінде аты-жөні Қалдыбаев Нұрзат Талғатұлы, жынысы "Ер" деп жазылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Бойжеткеннің 4 жылдан бері құжатын түзетемін деп қақпаған есігі қалмаған.

Қуырдақтың көкөсін түйе сойғанда көресің" дегендей, АХАЖ бөлімі заңды некеге де тіркемей кері қайтарған. Ай-күні жақын отырған келіншек, ертең баласына құжат алу қиынға соға ма деп қорқады.

Қала тұрғыны құжатта әлдекімнің жауапсыздығынан кеткен қатенің залалын тартып жүр. Нұрзат 2000-шы жылы дүниеге келген. Ал, құжаттағы қатені жасы 18-ге толғанда ғана біліп, аң-таң.

Содан бері мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырып, өзінің әйел екенін дәделдей алар емес. Туу туралы куәлігін түзетемін деп Халыққа қызмет көрсету орталығына барған.

Ал ондағылар перзетханаға жіберген. Ол мекеме жабылып қалғандықтан мұрағаттан құжаттар іздегенін айтады. Бірақ еш нәтиже болмапты. Керісінше барған жердегілер өзін мазақ қылған. Ал, тұрмысқа шыққанда жағдай тіпті қиындапты.

"Мен қызбын ғой жөндетуге келдім деп едім. Жоқ может сен геніңді ауыстырған шығарсың, былайша айтқанда трансгендер шығарсың деп әзіл ұстады. Құдай қаласа 3 айдан кейін босанам, документ қайтадан алдымнан шығатын болса, күйеуім де ер азамат өзім де ер азамат. Білмеймін еркектен еркек қалай туылатынын", - дейді Нұрзат Қалдыбаева, Тараз қаласының тұрғыны.

Тұрмысқа шыққанда жағдай тіпті қиындапты. АХАЖ бөлімі екі ер адамды некеге отырғызбайтынын айтып, шығарып салған. Халыққа қызмет көрсету орталығына бізде сұрау салдық. Құжаттағы қатені қалай жіберіп алғандарын сұрадық. Мекеме басшысы мұндай жағдайға бірінші рет тап болып тұрғанын айтып таң қалды.

"Болады әріпі дұрыс емес. Ә ні А ға ауыстырып қояды. Ұ ны Ү ге дегендей. Оның бәрін өзгертіп жөндеп беріп жатырмыз. Ал, қызды ер қып өзгерту бірінші рет болып тұр. Ең бастысы шешіледі заң шеңберінде. Бәрін жасап береміз", - дейді Шалқар Елемес, Тараз қалалық №1 халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы

Халыққа қызмет көрсету орталығы құжаттағы қатені жуықарада реттеп беруде уәде етті. Жас отбасы Нұрзаттың құжаттары реттелсе, бірінші кезекте некеге тұруды көздеп отыр.