Тас лақтырып, соққыға жықты: Қордайда жаппай төбелес болды (видео)

0
2 455

​Шабуылға қатысқан екі адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді


Тас лақтырып, соққыға жықты: Қордайда жаппай төбелес болды (видео)

ERNUR.KZ. Полиция Жамбыл облысындағы Қордай ауданында болған жағдай туралы айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"7 ақпан күні шамамен 14:10-да Қордай ауданы Сортөбе ауылында патрульде жүрген полицейлер "Honda Odyssey" маркалы көлігін тоқтатты. Оның мемлекеттік нөмірі талаптарға сай болмаған", - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Құжатты тексеру кезінде өзге де заңбұзушылық анықталған.

Ер адамдар полиция қызметкерлерінің учаскелік бекетке бару талабына құлақ аспаған. Біреуі көлікпен қашып құтылмақ болды. Бұл әрекетімен полицейлердің күдігін арттырды.

Полициядан қашып құтылмақ болған ер адам өз үйінің ауласында тоқтаған. Оның туған-туыстары полицейлерге жабыла кетті. Салдарынан тәртіп сақшылары жарақат алып, қызметтік көлік зақымданды.

Оқиғаға қатысты 590-бапқа (көлікті қолдану ережесін бұзу) және 230-бапқа (міндетті сақтандыру заңнамасын бұзу )сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұдан бөлек, қызметін атқарып жүрген билік өкіліне күш қолданғаны үшін іс қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Екі адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.