Тауда түнемек болған үш қыз құтқарылды

0
1 492

Құрбылар Көк-Жайлауға көтеріліп, сол жерге қонуды жөн көрген.


Тауда түнемек болған үш қыз құтқарылды

ERNUR.KZ. Үш қыз Көк-Жайлауда үсіп қала жаздаған, деп жазады elitar.kz.

Хабарлама 2019 жылғы 4 мамырында, ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел құтқару жасағының кезекші диспетчерінің пультіне түсті. Белгілі болғандай, құрбылар Көк-Жайлауға көтеріліп, сол жерге қонуды жөн көрген, бірақ таулы жерлерде ауа райының құбылмалы болатынын ескермеген.

"Күндіз қыздар лагерь құрып үлгерген. Бірақ кешке жақын жаңбыр жауып, арты қарға ұласқан. Ауа температурасы күрт төмендеген. Туристер ауа райына дайын емес, олардың аяқкиімдері жұқа, киімдері жеңіл болған. Олар қалаға өз бетімен түсе алмаған", - деп хабарлады ведомстводан.

Алты адамнан тұратын құтқарушылардың жедел тобы тауға шықты. Көк-Жайлау шатқалынан құтқарушылар іздестіру-құтқару жұмыстарына жаяу шықты.

Түнгі 01.50-де қатты жаурап қалған қыздар табылды. Құтқарушылар төмен түскеннен кейін, қатып қалған туристерге көрпелер беріп, ыстық шай ішкізді. Қажетті құжаттарды рәсімдегеннен кейін қыздар өз бетімен үйлеріне қайтқан.

"ҚР ІІМ ТЖК РЖҚЖ" ММ құтқарушылары тауға барар алдында ауа-райы болжамымен танысу керек, бұл ретте тауда қалаға қарағанда әрдайым суық екенін ескеру керек! Тиісті киімді таңдап, қосымша жылы киім алыңыз. Өз күшіңізді дұрыс есептеңіз! Абай болыңыз!"- делінген хабарламада.