​Тәуелсіздік жылдары қойылған ерекше есімдерді білесіз бе

0
1 178

Мәңгілік есімі 2 ер, 2 қыз балаға берілсе, Теңге есімін 10 қыз иеленген.


​Тәуелсіздік жылдары қойылған ерекше есімдерді білесіз бе

ERNUR.KZ. Қазақстан Тәуелсіздік алған 27 жылдың ішінде талай халықаралық шаралар өткізгені белгілі. Мәселен, 2010 жылы ЕҚЫҰ саммиті, 2011 жылы қысқы Азиада ойындары болды. Осындай маңызды оқиғалар өткізілген уақытта балаларға берілген ерекше есімдер де бар, деп жазады ҚазАқпарат.

Атап айтар болсақ, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комититетінің деректеріне сәйкес, ЕҚЫҰ саммиті өткеннен кейін дүниеге келген 70 ер және 17 қыз балаға Саммит, Саммита (Самит, Самита) сынды есімдер берілген. Ал Азиада ойындарыннан кейін дүние есігіне ашқан 57 қыз Азиада (Азияда) есімін алған.

Мұнан өзге де ерекше есімдер бар. Айталық, 2011 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген балаға Тәуілсіздік аты беріліпті. Жалпы елімізде 16 - Нұрлыжол, 10 - Нұротан, 28 - Бәйтерек, 3 - Ақорда есімді ер адам бар.

Мәңгілік есімі 2 ер, 2 қыз балаға берілсе, Теңге есімін 10 қыз иеленген. Ал 2009 жылдың 30 тамызында дүниеге келген ұл балаға Атазаң есімі беріліпті. Сонымен қатар 2017 жылғы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізілген уақытта дүние есігін ашқан ер балаға азан шақырып, Байдібэкспо деген ат қойыпты. Бас қаламыз Астананың атымен аталатын да адамдар бар. Мұндай ат 14 ер және 3 қыз балаға берілген.