Тәжікстан азаматтары Қазақстанда 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

0
1 211


Тәжікстан азаматтары Қазақстанда 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

ERNUR.KZ. Қазақстан азаматтары Тәжікстанда, тәжікстандықтар қазақ елінде 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.