Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға келеді

0
581

Рахмонның Астанаға сапары 3 мамырға жоспарланған, оның аясында елордада екі елдің бизнес-форумы өтеді.


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға келеді

ERNUR.KZ. Эмомали Рахмон Қазақстанға мамыр айының басында келеді, деп жазады Sputnik Тәжікстан.

Рахмонның Астанаға сапары 3 мамырға жоспарланған, оның аясында елордада екі елдің бизнес-форумы өтеді.
Тәжікстанның Инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, іс-шараның мақсаты – республикалар арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту.