"Тегін өзгерткен": Іздеуде жүрген қазақстандық Мәскеуде ұсталды

0
476

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды.


ERNUR.KZ. Іздеу салынған сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікті Мәскеуде ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековті халықаралық іздестіру жұмыстарын жүргізген.

"Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды. Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін "Алтынбековтан" "Алшерге" өзгерткен. Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды", - делінген хабарламада.