Текеліде балконда марихуанасы жайқалып өсіп тұрған "ботаник" ұсталды

0
977

Ұсталған азаматтың үйінен жалпы саны 100 түп заңсыз шөп тәркіленді.


Текеліде балконда марихуанасы жайқалып өсіп тұрған

ERNUR.KZ. Текелі қаласының полицейлері өз пәтерінде құрамында есірткі бар өсімдік өсірумен айналысқан 40 жастағы азаматты ұстады, деп жазады Zakon.kz.

Аталған дерек өңірде жүріп жатқан "Допинг" жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды. Күдікті бұған дейін ұрлық жасағаны және есіркінің заңсыз айналымына қатысы болғаны үшін бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"Күдікті азамат жанұясымен бірге көпқабатты үйдің үшінші қабатында тұрады. Оның пәтеріне санкцияланған тексеру жүргізу барысында балконнан өсіруге және баптауға тыйым салынған марихуананың заңсыз өсінділері табылды. Есірткі тектес өсімдіктерді өсіруге қарапайым гүл өсіретін ыдыстар пайдаланылған. Ұсталған азаматтың үйінен жалпы саны 100 түп заңсыз өскін тәркіленді", – деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Тыйым салынған өсімдікті баптап өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу кезінде күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен үйіне жіберілді.

"Биыл облыстық тәртіп сақшылары есірткі заттарының заңсыз айналымынан 400 килограмға жуық әртүрлі есірткіні тәркіледі. Олардың ішінде марихуана, гашиш және героин бар", – деп толықтырды полицейлер.