Текеліде өрт сөндірушілер 6 адамды құтқарды

0
884

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына белгіленген нормативтік уақытта келді.


Текеліде өрт сөндірушілер 6 адамды құтқарды

ERNUR.KZ. 2021 жылғы 7 қыркүйекте Алматы облысының Текелі қаласында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінде өрт шықты, деп жазады 24.kz.

Өрт туралы хабарлама Алматы облысының ТЖД сағат 16:10-да келіп түсті. Аталған шақырту орнына жоғары дәрежелі шақырту бойынша күштер мен құралдар, атап айтқанда, Текелі, Талдықорған қалаларының және Қарабұлақ ауылының өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт сөндіру жасақтары дереу жіберілді.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына белгіленген нормативтік уақытта келді. Шақырту орнына келген сәтте пәтердің терезесінен ашық оттың жалыны байқалды, сондай-ақ барлау барысында тұрғындарды эвакуациялау жолдары тығыз түтін және жоғары температурамен кесілгені анықталды. Өрт көрші тұратын тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Өрт көрші пәтерлер мен ғимараттарға қауіп төндірді. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері бір мезгілде өртті сөндіре отырып, азаматтарды құтқару және эвакуациялау жұмыстарын дереу ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде 6 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, сондай-ақ 11 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Өрт ғимараттың шатырына және көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт сағат 16:48-де, 16 ш.м. алаңында сөндірілді (3 қабатта, екі бөлмелі пәтер ішінде жиһаз бен заттардың жануы орын алды).

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД Өрт сынақ зертханасы жіберілді. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары (11 қызметкер және 4 бірлік техника), «Өрт сөндіруші» ЖШС (3 қызметкер 1 бірлік техника), Қалалық полиция бөлімінен (3 қызметкер және 1 бірлік техника) жұмылдырылды. Алматы облысының ТЖД азаматтарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.