Телефоны ұрланғанын полицияға хабарлаған көкшетаулық тұрғынға 75 мың теңге айыппұл салынды

0
756

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері ер адамның достарына қонаққа келгенін, үйге таксимен қайтқанын анықтады.


Телефоны ұрланғанын полицияға хабарлаған көкшетаулық тұрғынға 75 мың теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. 16 желтоқсанда Көкшетау облысының полиция бөліміне 49 жастағы тұрғын «Huawei» ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтты, деп жазады Skifnews.kz.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері ер адамның достарына қонаққа келгенін, үйге таксимен қайтқанын анықтады.

Тәртіп сақшылары сол кеште өтініш берушімен бірге болған адамдармен байланысқа шықты. Олардың арасында такси жүргізушісі де бар. Ол жолаушының жол бойы өзін агрессивті және әдепсіз ұстағанын алға тартты.

Тексеру кезінде телефон ұрланбаған болып шықты. Ұялы телефон өтініш берушінің қалтасынан табылған.

Қазіргі уақытта ер адамға ҚР ҚК-нің 438-бабы «Полицейлерді жалған ақпаратпен шақырту» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 30 АЕК (75 750 теңге) айыппұл салынады.