Теміртау қаласының әкімі коронавирус жұқтырды

0
676

Қала әкімінің міндетін оның орынбасары Мирас Құттыбай атқарады.


Теміртау қаласының әкімі коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтен коронавирус табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Тест нәтижесі Теміртау қаласы әкімінің коронавиру жұқтырып алғанын растады. Қазір Ғалым Әшімов үйінде. Дәрігерлер оның денсаулық жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Кала әкімі ешқандай әлсіздік байқалмайтынын айтты. Ол 14 күн өзін-өзі оқшаулап, бақылауда болады. Қала әкімінің міндетін оның орынбасары Мирас Құттыбай атқарады. Теміртау әкімдігінің аппараты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Теміртау басшысымен байланыста болған әкімдік қызметкерлерінен коронавирус табылмаған.

Соңғы ақпарат бойынша, Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 956 адам тіркелді. Қауіпті індеттен 255 адам жазылып, 3 адам қайтыс болды.