Теміртауда қаланың қақ ортасында қызды аямай ұрып-соққан жігіт видеоға түсіп қалды

0
816

Жігіт қыздың қолындағы сөмкесін тартып алған.


Теміртауда қаланың қақ ортасында қызды аямай ұрып-соққан жігіт видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде жігіттің қызға тап, оны қар үстіне құлатқан ерсі әрекеті туралы видео таралуда. Оқиға Теміртау қаласында болған, жазады Skifnews.kz.

Кадрдағы тұман яки бұлыңғыр фонға қарасаңыздар, бұл оқиғаның кешқұрым апа-сапақ кезде, не болмаса, таң енді атып келе жатқан шақта болған секілді.

Жігіт субұрқақтың жанынан өтіп, қарсы алдынан келе жатқан қызды қар үстіне ұрып-жыққан. Содан қызды аямай ұрып-соғып, оның қолындағы сөмкесін тартып алған. Бірақ, қыз оңайлықпен жеңілмей, аяққа тұрып, жігіттің қолындағы сөмкесін өзіне қайтарып алған. Абырой болғанда, қыз соққыға жығылған жерде ес-түзсіз жатып қалмай өз бағытына қарай қашып құтылған.

Видеодағы жалпы аумақтың көрінісіне қарағанда, оқиға болған жер саябаққа ұқсайды. Кадрдан бұзақылық әрекеті болған жердің Гагарин даңғылы екендігі көрсетіліп тұр.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, жәбірленуші қыз басынан өткен жайтқа байланысты шағым білдіріп, арыз жазыпты. Қазір осы іске байланысты факті ретінде видеоматериал тіркеліп, қызға шабуыл жасаған жігітті ұстау, қолға түсіру жұмыстары оперативті түрде жүргізіліп жатыр.