Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды

0
617

Баланың мәйіті 23 наурызда қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын.


Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды

ERNUR.KZ. Теміртауда кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Баланың денесі 23 наурыз күні қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын.

«Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 24 жастағы баланың анасымен бірге тұратын ер адам екені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты іздеу жарияланып, оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Өзге ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жариялауға жатпайды.