Теміртауда зейнеттегі мұғалім терезеден секіріп қайтыс болды

0
831

Әйелінің өлімінен соң томаға-тұйық күйге түскен.


Теміртауда зейнеттегі мұғалім терезеден секіріп қайтыс болды

ERNUR.KZ. 65 жастағы бұл азамат бұрындары жергілікті колледждердің бірінде оқытушы болған, деп жазады nur.kz.

Қайғылы оқиға Теміртау қаласының мөлтекаудандарының бірінде орын алған. Зейнеткер бірер жыл бұрын сүйікті жарын жер қойнына тапсырған. Кейіннен томаға-тұйық күйге түсіп, жұбанышын тек ішімдіктен тауып жүрген.

Жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлерінің айтуынша, терезеден секіріп, тіл тартпай жүріп кеткен азаматтың үйінен бұл әрекетін түсіндіретін хат табылмаған.