Теміртауда қоқыстан өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды

0
1 460

Төтенше жағдай өткен демалыс күндері болды. Панфилов көшесіндегі «Валентина» дүкенінің маңында белгісіз ер адамды өртеп кеткен.


Теміртауда қоқыстан өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды

Өртеніп кеткен ер адамның мәйіті қаладағы адамдар көп жүретін көшелердің бірінен табылды. Полиция қызметкерлері өртеніп қаза тапқан ер адамның кім екенін анықтауда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай өткен демалыс күндері болды. Панфилов көшесіндегі «Валентина» дүкенінің маңында белгісіз ер адамды өртеп кеткен. Ары-бері өтіп жатқан адамдар өртенген ағаштардың ішінен адамның сұлбасын көреді. Болған жағдайға қатысты суреттер әлеуметтік желілер арқылы тез тарап кетті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.

«Өртеніп кеткен адамға байланысты Теміртау қаласында ҚР ҚК-ның 99-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - дейді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Жанатай Сембеков.