Тереңкөл ауданында баланы ұрып-соққан азамат қамауға алынды

0
501

44 жастағы ер адам ұлымен жанжалдасқан көрші ауылдың 12 жасар баласын қолымен, содан кейін аяғымен ұрғаны дәлелденді.


Тереңкөл ауданында баланы ұрып-соққан азамат қамауға алынды

ERNUR.KZ. Балаға күш көрсеткен азаматтың кінәсі сотта дәлелденді, деп жазады pavlodarnews.kz.

Тереңкөл аудандық сотының мәлімдеуінше, сот ӘҚБтК-нін 73-1 бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік қамаққа алу туралы жазасын тағайындады.

Оқиға, 8 қазан күні Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Тілеубай ауылында болған. Осы жанжалға бүгін нүктесі қойылды.

Сот материалдарында 44 жастағы ер адам ұлымен жанжалдасқан көрші ауылдың 12 жасар баласын қолымен, содан кейін аяғымен ұрғаны дәлелденді.

"ҚР ӘҚБтК–нің 73-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген "денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және жеті тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалсын", - деп хабарлады Тереңкөл ауданының сотында.
Қамаққа алу мерзімі 2022 жылғы 20 қазандағы 16 сағат 39 минуттан бастап есептеледі.
Еске сала кетейік, 8 қазан күні сағат 14:00 шамасында Тереңкөл ауданы Тілеубай ауылында 1978 жылы туған ер адам 2010 жылы туған баланы балағаттап, ұрып-соққаны анықталды. Іс бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, оның қорытындысы баланың дене жарақаттары денсаулыққа жеңіл зиян келтірілгеніне сәйкес келетінін көрсетті.