​Тежегіші істен шыққан жүк көлігі жантүршігерлік жол апатқа себеп болды (видео)

0
1 491

Алматыда Яблочная көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды.


​Тежегіші істен шыққан жүк көлігі жантүршігерлік жол апатқа себеп болды (видео)

ERNUR.KZ.Алматыда Яблочная көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады sputniknews.kz.

Екі жүк көлігі бір-біріне тіркеліп келе жатқан болатын, еңіске шыға бере арқан үзіліп кетіп, тіркелген көлік көше бойымен төмен сырғи бастайды.


Тежегіші істен шыққан жүк көлігі барған сайын жылдамдық ала түседі. Жүргізуші аман қалу үшін, көліктің есігін ашып, секіріп кеткен. Алайда құм тиелген жүк көлігі бір жақ шетке ауып, 27 жастағы жүргізушіні басып қалады.

Аударылғанға дейін жүк көлігі үйге соғылған.

Ер адам жедел жәрдем келгенше жан тапсырды.

Оқиға орнына құтқару қызметі келіп жетті. Олар кранның көмегімен жүк көлігін көтеріп, жүргізушінің денесін алып шыққан.

Оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр.