Тікелей эфирде түкірген депутат айыппұл арқалады

0
562

Бұған дейін әлеуметтік желіде депутаттың түкірген сәтінің видосы тараған еді. Ерлан Сайыровтың өзі бұл әрекеті үшін халықтан кешірім сұрады.


Тікелей эфирде түкірген депутат айыппұл арқалады

ERNUR.KZ. Отандық телеарнаның тікелей эфирінде түкірген мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровқа айыппұл салынды, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде депутаттың түкірген сәтінің видосы тараған еді. Ерлан Сайыровтың өзі бұл әрекеті үшін халықтан кешірім сұрады.


"Біріншіден, қауымнан, егер қолайсыз жағдайға қалдырсам, кешірім сұраймын. Екіншіден, кеше кешке Екібастұзда қатты аяз болды, далада тұрғандықтан, осындай жағдай болды. Далада төрт-бес сағат жүрдік, ТЭЦ-қа бардық, сол кезде тамағым құрғап кеткен болуы керек”, - деді мәжілісмен Ерлан Сайыров.
Өздеріңіз шығарған заң бойынша айыппұл төлесеңіз болды, деп қалжыңдады депутаттың оқырмандары.
Ведомство хабарлауынша, Павлодар облыстық полиция департаменті желіде тараған видоны зерттеді. Нәтижесінде қоғамдық ортаны ластау фактісі бойынша азаматқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.