Тіл маманы: Мектептер биыл латын қарпіне көшпейді

0
1 695

Әзірге тек мемлекеттік органдардың атауы ғана латынша жазылып жатыр.


Тіл маманы: Мектептер биыл латын қарпіне көшпейді

ERNUR.KZ. Елімізде оқушылар мен студенттер биыл латын қарпіндегі кітаптармен білім алмайтынын мамандар айтты, деп жазады Хабар-24.

Бірақ оқушылар мен студенттердің латынша жазуға бейімделу үшін қосымша сабақтарға еркін түрде қатысуына мүмкіндігі бар екен.

Сондай-ақ биыл жарық көретін ақын-жазушылардың көркем шығармалары латын қарпімен жазылуы шарт. Әрине, латынға қарпіне өту үрдісі - біршама уақыт пен сауаттылықты талап етеді. Әзірге тек мемлекеттік органдардың атауы ғана латынша жазылып жатыр. Жаңа алфавиттер бірінші әкімдік ғимараттарында, кейін мәдени нысындарда пайда болды.

"Құжаттар фирменный бланктар ауысады. Тапсырма берілді. Әрі қарай біз жұмыс істейміз" - дейді қалалық тілдерді дамыту басқармасының бас маманыГауһар Елембаева.

Оның айтуынша, елімізде латынға көшу үшін жаңа әліпби бекітілді. Енді кей мектептерде латын қаріптері бойынша қосымша сабақтар өткізіледі. Осы тақырып бойынша арнайы семинарлар ұйымдастырылып, жаңашылдық егжей-тегжейлі түсіндіріледі.

Қазір тіл мамандары мен ғалымдар арнайы сөздіктер мен анықтамаларды латын қаріпіне көшіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта қазақтың небір әдебиеттері де жаңа алвафитпен қайта жазылмақ. Содан кейін ғана оқушылар мен студенттер жаңа қаріппен оқытылады

"2021-22 жылдары бастауыш сыныптар мен балабақшалар көшеді. Қазір орфографиялық ережелерге басымдық беріліп жатыр. Алдымен шет сөздерді латын алфавитінде дұрыс жазуға мән беріледі.Себебі қазір қазақ тілінде 21 мыңдай жаңа термин бар" - дейді Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек.