Тіл саясаты комитетіне жаңа басшы тағайындалды

0
1 062

Ғалымжан Мелдешов - психология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы.


Тіл саясаты комитетіне жаңа басшы тағайындалды

ERNUR.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ғалымжан Мелдешов 1964 жылы 30 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 1981-1986 жылдары Алматы қаласында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша тәмамдады.

1986-1989 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген аудандық газетінде жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде қызметкер, 1989-1999 жылдар аралығында республикалық «Лениншіл Жас» - «Жас Алаш» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас менеджер, 1999-2009 жылдар аралығында «Түркістан» газетінде бас редактордың орынбасары, 2009-2012 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК «Қазақ радиосының» бас директоры, 2012-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, осы министрлікке қарасты «Ғылым қоры» АҚ Әкімшілік департаментінің директоры, 2013-2014 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау-Медиа» холдингінің бас директоры, 2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі, 2016-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқаруда.

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» мерекелік медальдары, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері. Ғалымжан Мелдешов - психология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы.