ТМД-да газдың нарықтық құны литріне 127 теңге болуға тиіс – министр

0
827

Энергетика министрі АИ-92 бензинінің құны литріне 182 теңге болған кезде сұйытылған газдың литріне 127 теңге болуға тиіс екенін мәлімдеді.


ТМД-да газдың нарықтық құны литріне 127 теңге болуға тиіс – министр

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстандағы газдың нарықтық бағасы қалай есептелетінін түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.

"Қазақстанда ішкі нарық қажеттілігін өтеуге жеткілікті сұйытылған газдың ресурсы әрдайым болды, еліміз газдың нетто-экспорттаушы. Жергілікті тұтынушыларды қолдау үшін газдың бағасы тоннасына 38 мың теңге (тоннасына 100 доллардан төмен) немесе экспорттық бағадан 5-6 есе төмен (шамамен $500 доллар/тонна) деңгейінде реттеліп белгіленді. Бұл ретте ҚазГӨЗ-де сұйытылған газ өндірісінің өзіндік құны тоннасына шамамен 100 мың теңгені құрайды", - деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы өңірдегі ең төмен.