ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

0
467


ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

ERNUR.KZ. Бүгін Астана қаласында ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп жазады BAQ.KZ.

Отырысқа Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан Үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Тәжікстан Үкіметі басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысады.