Тойдағы төбелес жұрттың жағасын ұстатты (видео)

0
11 260

Бейнежазбада бір топ жігіттердің жаға жыртысып жатқаны көрініс тапты.


Тойдағы төбелес жұрттың жағасын ұстатты (видео)

сурет:azeri.today

ERNUR.KZ. Ғаламторда той үстінде төбелесе кеткен жігіттердің видеосы тарап, ел арасында қызу талқыға түскен. Азаматтардың өзара келіспеушілігі жұдырықтасуға ұласып, дүбірлі тойдың шырқы бұзылған, деп жазады NUR.KZ.


Той-думан кезінде орын алған төбелестің видеосы Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланған. Бейнежазбада бір топ жігіттердің жаға жыртысып жатқаны көрініс тапты.

Жанжал үйлену тойының үстінде орын алса керек. Оған видеода бой көрсеткен қалыңдық көйлегімен жүрген бойжеткен дәлел.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, оқырмандардың қызу талқысына түсті. Оқиғаның қай жерде және қашан орын алғаны белгісіз.