"Тойлайтын адам қалмайды": Димаш шенеуніктерге шүйлікті

0
1 256

Адамдар оттегі бар баллон таба алмай жатқан кезде...


Танымал әнші Димаш Құдайберген пандемия кезінде Елорда күніне орай ұйымдастырылған отшашуға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Ненің құрметіне отшашу атылды??? Коронавирусты жұқтыру бойынша бірінші орында тұрғанымыз үшін бе? Адамдар оттегі бар баллон таба алмай жатқан кезде астанада отшашу болды! Дәл осылай жалғастыра беріңдер, сонда келесі жылы тойлайтын адам қалмайды", - деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.