Ток соғып, екі қолынан айырылған баланың ата-анасына Оралдан пәтер берілді

0
384

Жаңа пәтер иелерін Орал қаласы әкімінің орынбасары Асхат Көлбаев құттықтап, кілттерін табыс етті.


Ток соғып, екі қолынан айырылған баланың ата-анасына Оралдан пәтер берілді

ERNUR.KZ. Орал қаласындағы Зачаган кентінде пайдалануға берілген 180 пәтерлік 9 қабатты тұрғын үйдеші үш бөлмелі пәтерлердің бірі Жаңақала ауданында ток соғып, екі қолынан айырылған Аманжол Орынбекұлының ата-анасына берілді, деп жазады ulysmedia.kz.

Жаңа пәтер иелерін Орал қаласы әкімінің орынбасары Асхат Көлбаев құттықтап, кілттерін табыс етті.

Баланың анасы Әсел Серікқызы таңдаған пәтер әлеуметтік нысандарға (мектеп, аурухана) жақын орналасқан. Сонымен қатар Жаңақала ауданы әкімдігі атынан демеушілер атынан Аманжолдың бөлмесіне жиһаз тарту етілді.

Оған қоса жуырда Алматы қаласында Аманжолдың қолына уақытша протез орнатылды. Бала жасанды қолға үйренгеннен кейін бір жылдан соң бионикалық протез қойылады.

Еске сала кетейік, маусым айында дәрігерлер Батыс Қазақстан облысының Жанғала ауданында ток соққан төрт жасар баланың екі қолын кесіп тастауға мәжбүр болған.

Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.