Тоқаев АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байденді құттықтады

0
933

Америка Құрама Штаттарында өтіп жатқан президент сайлауында демократиялық партия атынан бақ сынаған Джо Байден жеңіске қажет дауысты жинады.


Тоқаев АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байденді құттықтады

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында өткен президент сайлауында ең көп дауыс жинаған Джо Байденді құттықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Джо Байденге шын жүректен жылы лебізін жеткізіп, алдағы уақытта екі ел арасында жемісті ынтымақтастық орнайтынына сенім білдірді.

Еске сала кетейік, бүгін Америка Құрама Штаттарында өтіп жатқан президент сайлауында демократиялық партия атынан бақ сынаған Джо Байден жеңіске қажет дауысты жинады.

77 жастағы Байден таңдаушылардың 273 даусын жинап, Американың қазіргі президенті, республикалық партия үміткері Дональд Трампты басып озған.

Сайлаудың соңғы қорытынды нәтижесі 14 желтоқсаннан кейін белгілі болады.