Тоқаев Әубәкіровтің Байқоңырдан ғарышқа ұшқан сәтін еске алды

0
619

"30 жыл бұрын қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшып, тарихи ерлік жасады", - деп жазды Президент.


Тоқаев Әубәкіровтің Байқоңырдан ғарышқа ұшқан сәтін еске алды

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғарышкер Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшқан сәтін еске алды, деп жазады Tengrinews.kz

"30 жыл бұрын қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшып, тарихи ерлік жасады. Бұл оқиға Қазақстанның ғарышты зерттеу бағдарламаларын іске асыруға негіз болды. Бүгінде осы саладағы жетістіктеріміз халқымыз бен ұлттық экономикамыздың мүддесіне қызмет етеді", - деп жазды Президент.